Қазақстанда тыныштық режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын білесіз бе?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы Полиция департаменті өңір тұрғындарына заңнамада белгіленген тыныштық режимін сақтаудың және азаматтардың тынығу құқығына құрметпен қараудың маңыздылығын еске салады. Түнгі уақытта тыныштықты бұзу – полицияға келіп түсетін өтініштердің ең жиі себептерінің бірі.

Қатты қойылған музыка, көңіл көтеру кештері, айқай-шу, жөндеу жұмыстарын жүргізу және басқа да шу көздері айналадағы тұрғындарға қолайсыздық туғызады әрі әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тыныштықты сақтау қажет:

жұмыс күндері – сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін;
демалыс және мереке күндері – сағат 23:00-тен 10:00-ге дейін.

Алғаш рет құқық бұзғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл, ал қайталап бұзған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Заңды тұлғалар үшін заңнамада бұдан да қатаң жауапкершілік шаралары көзделген.

Егер құқық бұзушылар ескертулерге құлақ аспаса, полиция қызметкерлері мүмкіндігінше құқық бұзушылық фактісін фото немесе бейнежазбаға түсіріп, 102 нөміріне хабарлауға және учаскелік полиция инспекторына ақпарат беруге кеңес береді.

Түнгі уақытта шу шығару жиі кездесетін жалдамалы пәтерлерге ерекше назар аударылады. Пәтер иелері тұрғын үйді жалға беру кезінде заң талаптарын сақтауға, жалдау шартын ресми түрде рәсімдеуге және онда тұратын азаматтарды тіркеуге міндетті.

Тыныштық режимін сақтау – айналадағы адамдарға деген құрметтің белгісі әрі барлық тұрғындардың жайлы өмір сүруінің маңызды шарты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1252670?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді