
Алматы қаласы Әділет департаментінің тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен департаменттің қызметкері Пак Ольга Петровна марапатталды.
Ольга Петровна мемлекеттік қызмет саласында 30 жылдан астам уақыт абыройлы еңбек етіп, заңдылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ әділет органдарының дамуына елеулі үлес қосты. Көпжылдық тәжірибесі, жоғары кәсібилігі мен адал қызметі әріптестері арасында зор құрметке ие.
Аталған марапат – оның мемлекетке сіңірген ұзақ жылғы еңбегі мен мемлекеттік қызмет қағидаттарына адалдығының лайықты бағасы.
Алматы қаласы Әділет департаментінің ұжымы Ольга Петровнаны жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын және бақ-береке тілейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1250976?lang=ru

Жауап қалдыру