Ақтауда борышкерлерді анықтауға бағытталған рейдтік іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтауда борышкерлерді анықтауға бағытталған рейдтік іс-шара өтті

 

Ақтауда «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Маңғыстау облысының Әділет депаратаменті, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті және Полиция департаменті бірлесіп рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты – борышкерлердің қаржылық міндеттемелерін уақытылы орындауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сот шешімдерінің орындалуын бақылауды күшейту.

 

Рейд барысында құқық қорғау және уәкілетті органдардың қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды тоқтатып, борыштық міндеттемелерді орындаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Ұйымдастырушылар азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ борыштық міндеттемелерді уақытылы орындауға шақырды. Мұндай профилактикалық және бақылау шаралары алдағы уақытта да жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1250676?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді