Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан
облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 154 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Солтүстік
Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 27
маусымдағы № 154 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит
Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
2-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
ведомстволық бағынысты мекемелері бар:
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Редакциялау күні 11.06.2026
Сақтау күні 25.06.2026
Дата редакции 11.06.2026
Дата скачивания 25.06.2026
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
2) «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.»;
3-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін
Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Неке (ерлі-зайыптылық) және
отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен, Қазақстан
Республикасының Әлеуметтік кодексімен, Қазақстан Республикасының әкімшілік
рәсімдік-процестік кодексімен, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар
көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы
Президентінің және Үкіметінің актілерімен, халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы нормативтік құқықтық
актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өз жұмысын іске асырады.»;
6- тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«6. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының
бюджет және қаржы заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса,
мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.»;
7- тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз құзыретінің
мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының әкімшілік
рәсімдік-процестік кодексімен, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде,
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының
Әлеуметтік кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік
Редакциялау күні 11.06.2026
Сақтау күні 25.06.2026
Дата редакции 11.06.2026
Дата скачивания 25.06.2026
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен
Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер
қабылдайды.»;
12-тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда баяндалсын:
«Егер Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Қазақстан
Республикасының заңдармен қызметке кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру
құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке
жіберіледі.»;
13-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«1) халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, «Неке (ерлі-зайыптылық)
және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен, Қазақстан
Республикасының Әлеуметтік кодексімен, «Мемлекеттік және әлеуметтік
жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметінің актілері, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламаларды іске асыру саласындағы нормативтік құқықтық актілер, сондай-
ақ осы Ережемен үйлестіру және ұйымдастыру;»;
13-тармақтың 2), 4) тармақшалары алынып тасталсын;
14-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан
қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
Редакциялау күні 11.06.2026
Сақтау күні 25.06.2026
Дата редакции 11.06.2026
Дата скачивания 25.06.2026
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек
кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік
мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік және
әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі
туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңында, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында көзделген өзге де құқықтарға ие болады;»;
15-тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«7) қағаз жүзінде, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы
«Әлеуметтік көмек», «Е-әкімдік», «Е-Собес», «Шетелдік жұмыс күші»,
«Әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе» автоматтандырылған
ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге келіп түскен
өтініштерді қабылдау;»;
15-тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;
15-тармақтың 19) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«19) «Цифрлық отбасы картасы», «Жұмыс орындарын құрудың
интеграцияланған картасы», «Интерактивті қолжетімділік картасы»
автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін мониторингтеу;»;
15-тармақтың 23) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«23) облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен
қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;»;
15-тармақтың 24) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«24) ұлттық жобалар, ауданның даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту
картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге
асыру;»;
15-тармақтың 28) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«28) қарттар мен мүгедектектігі бар тұлғаларға үйде күтім көрсету қызметін
үйлестіру;»;
Редакциялау күні 11.06.2026
Сақтау күні 25.06.2026
Дата редакции 11.06.2026
Дата скачивания 25.06.2026
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
15-тармақтың 30), 48), 49), 50) тармақшалары алынып тасталсын;
19-тармақтың 2-1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«2-1) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің келісімі бойынша:
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің директоры, «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымға
тағайындайды және лауазымынан босатады;»;
19-тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«9) «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы
органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету
және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысына сәйкес
материалдық көмек көрсетуді, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі қызметкерлеріне қосымша төлемдерді, материалдық ынталандыруды
белгілейді;».
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде
оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан
Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне
ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты»
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына
жолдауды;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны «Солтүстік Қазақстан
облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және
Редакциялау күні 11.06.2026
Сақтау күні 25.06.2026
Дата редакции 11.06.2026
Дата скачивания 25.06.2026
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
интернет-ресурсына орналастыруды;
3) «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы
әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит
Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
әкімі
Р.
Аңбаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-musrepov/press/news/details/1250677?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді