Ақтөбе облысында полицейлер 500-ден астам түп қарасора өсірілген алқапты анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Ақтөбе облысында полицейлер 500-ден астам түп қарасора өсірілген алқапты анықтады.

     Ақтөбе облысында өтіп жатқан “Қарасора – 2026” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады.

     Тінту барысында жеке тұрғын үйдің ауласынан 500-ден астам түп қарасора табылды. Сондай-ақ полицейлер кептірілген қарасора сабақтарын, өсімдік тектес зат салынған қағаз ораманы және ақшалай қаражатты тәркіледі.

     Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 49 жастағы үй иесі қарасораны жеке тұтыну мақсатында өсіргенін айтқан.

     Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ұсталған сәтте ер адамның есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.

     Аталған факті бойынша құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

     Қазіргі уақытта іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты анықталуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1250486?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді