
Құқықтық түсіндіру жұмысы әділет органдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәдениетін қалыптастыру заңдылық қағидаттарын нығайтуға, азаматтық қоғамды дамытуға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді.
«Заң мен тәртіп» идеологиясын, сондай-ақ 2024–2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмысы жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде әділет органдары халыққа құқықтық ақпарат пен мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.Осы жұмыстың тиімді құралдарының бірі – «Құқық кабинеттері».
«Құқық кабинеті» – азаматтардың құқықтық ақпаратқа, мемлекеттік электрондық сервистерге және қажетті ақпараттық жүйелерге тегін қол жеткізуіне арналған арнайы жабдықталған орын.
«Құқық кабинеттерінің» негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу және заңнаманы зерделеу дағдыларын қалыптастыру.
«Құқық кабинеттерінде» азаматтар:
* қолданыстағы заңнамамен таныса алады;
* мемлекеттік электрондық сервистерге қол жеткізе алады;
* eGov және e-Otinish порталдарын пайдалана алады;
* мемлекеттік органдарға өтініштер жолдай алады;
* қажетті құқықтық ақпаратты өз бетінше алып, туындаған мәселелер бойынша түсініктеме таба алады.
Бүгінде Қостанай облысында облыс әкімдіктері мен мәслихаттарымен бірлесіп «Заң» деректер базасын пайдалануға беру бойынша 153 шарт жасалған.
Қазіргі уақытта Қостанай облысында 207 Құқық кабинеті жұмыс істейді. 2026 жылдың басынан бері олардың қызметін 7 710 облыс тұрғыны пайдаланған.
Қостанай облысы Әділет департаментінің
құқықтық түсіндіру жұмысы
және заң қызметтерін көрсету бөлімінің басшысы
Балгүль Кудесова
Толығырық:https://qagro.kz/2026/06/29/kabinety-prava-dostupnaya-pravovaya-pomoshh-dlya-naseleniya/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1250485?lang=ru

Жауап қалдыру