
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай аудан әкімдігінде мерекелік кездесу өтті.
Шараға аудан әкімі Жанболат Жидеханов, бөлім және мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ ақпараттық жұмысқа жауапты мамандар қатысты.
Жиында аудан әкімі ақпарат саласының қоғамдағы маңызды рөліне тоқталып, аудан өмірін халыққа дер кезінде әрі шынайы жеткізуде БАҚ өкілдері мен ақпараттық жұмысқа жауапты мамандардың еңбегі ерекше екенін атап өтті.
– Ақпараттың сапалы, нақты және уақтылы берілуі – тұрғындармен ашық байланыс орнатудың маңызды тетігі. Ауданның тыныс-тіршілігін, атқарылып жатқан жұмыстарды және қоғамдық мәні бар жаңалықтарды көпшілікке жеткізуде сіздердің еңбектеріңіз зор. Осы бағыттағы жауапты қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін, – деді аудан әкімі.
Мерекелік жиын барысында сала қызметкерлері мен ақпараттық жұмысқа белсенді атсалысып жүрген мамандарға аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Шара Сары Батақұлы атындағы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының ән-шашуымен жалғасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/1250762?lang=ru

Жауап қалдыру