Қазақстанның прокуратурасы халықаралық форумда экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша жаңа тәсілдерді ұсынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

24 – 26 маусым аралығында Санкт-Петербургте Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының делегациясы Бас Прокурордың орынбасары Ерлан Өтегеновтің басшылығымен XIV Петербург халықаралық құқықтық форумының жұмысына қатысты.

Семинарда жақын және алыс шетел елдерінің өкілдері экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты.

Ерлан Өтегенов өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура мүдделі органдармен бірлесіп, көлеңкелі экономикамен күрес бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, ол адал бизнесті қорғау тетіктерін жетілдіру, қылмыстық саясатты ізгілендіру, сондай-ақ цифрлық құралдарды енгізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Бұдан басқа Ресей мен басқа елдерден келген әріптестермен екіжақты кездесулер өткізіліп, екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1250745?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді