
Аstana Polytechnic жоғары колледжінің студенті Нұрлан Рамазан Аустралияда өткен Global Skills Challenge Australia – 2026 халықаралық чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, елге оралды. Әуежайда жеңімпазды салтанатты қарсы алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Халықаралық додада Нұрлан Рамазан «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша жоғары кәсіби шеберлігін көрсетіп, алтын медаль иеленді. Сонымен қатар, ол чемпионаттың Best of Nation арнайы марапатына лайық деп танылып, Қазақстанның абыройын халықаралық аренада асқақтатты.
Жеңімпазды жарысқа халықаралық сарапшы, Astana Polytechnic жоғары колледжінің оқытушысы Самир Керімов дайындады. Ұстаз бен шәкірттің қажырлы еңбегі халықаралық деңгейде жоғары бағаланды.
Айта кетейік, Astana Polytechnic жоғары колледжінің тағы бір студенті де чемпионатта сәтті өнер көрсетті. Ол «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша бақ сынап, қола медаль иеленді.
Бұл жеңістер Astana Polytechnic жоғары колледжі студенттерінің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін және қазақстандық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жоғары әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1251605?lang=ru

Жауап қалдыру