
Ақшоқы ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауылдың тазалығы мен көркеюіне бағытталған ауқымды жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Көше бойлары мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, мекеме аумақтары абаттандырылып, санитарлық жағдайды жақсарту шаралары ұйымдастырылуда. Бұл жұмыстар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. Таза ауыл – әрбір тұрғынның ортақ еңбегі мен мақтанышы. Бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде Ақшоқы ауылдық округі күн сайын көркейіп, тұрғындарға жайлы әрі таза орта қалыптасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1251606?lang=ru

Жауап қалдыру