
Мұратсай ауылында аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршиновтің төрағалығымен «Ауыл аманаты» жобасы бойынша түсінік жұмыстарын жүргізуге арналған жиын өтті.
Аталған жиынға арнайы Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов, Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Ринат Мұсағалиев және Батыс Қазақстан облысындағы танымал бизнес-тренер, экономика ғылымдарының магистрі, «Ауыл аманаты» бағдарламасының белсенді сарапшысы Алмагүл Исмагулова қатысып, спикер ретінде сөз сөйледі.
Жоғарыда аталған қонақтармен қатар, жиынға аудандық дербес бөлімдердің басшылары, ауылдық округ әкімдері және шаруа қожалықтарының жетекшілері де қатысты.
Жиын барысында жобаның тиімділігі мен ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құру арқылы мемлекеттік жеңілдіктерге қол жеткізу мәселелері талқыланды.
Жалпы жиын диалог форматында өтіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1252400?lang=ru

Жауап қалдыру