
Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы жұмыс сапарымен Таврия ауылдық округіне қарасты Буркотово ауылында болды.
Сапар аясында «Буркотовское» ЖШС басшысы В. Шеслермен кездесу өткізіліп, онда Бүркітово ауылындағы аспалы көпірді жөндеу мәселесі қаралды. Аталған жобаны бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Кездесу қорытындысы бойынша қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде келісімге қол жеткізілді. «Буркотовское» ЖШС басшысы аспалы көпірді жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін міндетті түрде аяқталатынын растады.
Аудандық мәслихаттың төрағасы ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды мәселелерді шешуде жергілікті атқарушы органдар мен әлеуметтік жауапты бизнестің өзара тиімді ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1254931?lang=ru

Жауап қалдыру