Бородулиха аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 30 маусымда Бородулиха аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырысқа аудандық мәслихаттың төрағасы Урашева Сауле Тұрсынқызы, тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелері – депутаттар қатысты.

Отырысқа Бородулиха ауданы әкімі аппаратының басшысы Мұқатай Асхат Амантайұлы, Бақы ауылдық округінің әкімі Дүсетаев Ербол Сембайұлы, Жезкент кенттік округінің әкімі Садыкова Бақыт Рысқұлқызы, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бельская Индира Юрьевна, ішкі саясат бөлімінің басшысы Оразалина Анар Қайратқызы, Бородулиха ауданының білім бөлімінің басшысы Атаева Динара Оразбекқызы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрқасымов Әли Серікқазыұлы, сондай-ақ Петропавл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Бохаев Жасқайрат Сағатбекұлы шақырылды.

Күн тәртібіне сәйкес Бородулиха ауданы әкімі аппаратының басшысы Асхат Мұқатай «Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы органдарының халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы» ақпаратпен сөз сөйледі.

«Бұқаралық спортты дамыту, спорт нысандарының жай-күйі және олардың халық үшін қолжетімділігі туралы» мәселе бойынша Бақы ауылдық округінің әкімі, Жезкент кенттік округінің әкімі, Петропавл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, сондай-ақ мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Индира Бельская баяндама жасады.

«Бородулиха ауданының білім беру ұйымдарын алдағы жылыту маусымына дайындау туралы» мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Динара Атаева есеп берді.

«Бородулиха ауданы аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы» ішкі саясат бөлімінің басшысы Анар Оразалина ақпарат ұсынды.

«Бородулиха ауданы елді мекендерінде санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, абаттандыру және көгалдандыру, сондай-ақ рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әли Нұрқасымов есеп берді.

Отырыста қаралған барлық мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың қаулылары қабылданып, тиісті ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/1254929?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді