ШҚО Полиция департаментінде кезекті гарнизондық жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО Полиция департаментінде кезекті гарнизондық жиын өтті

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің алаңында полицияның кешенді күштерінің гарнизондық саптық жиыны өткізіліп, оны департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов жүргізді.

Нұсқама барысында жеке құрамға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған басым міндеттер жеткізілді.

Ерекше назар жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізуге, әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтауға, жол қозғалысын бақылауды күшейтуге, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға және заң талаптарын бұзудың кез келген көрінісіне қатысты «мүлдем төзбеушілік» қағидатын сақтауға аударылды.

«Әрбір қызметкер өзіне бекітілген аумақтағы қауіпсіздік үшін жеке жауап береді және заң аясында кез келген құқықбұзушылыққа жедел ден қоюы тиіс», – деп атап өтті Серік Манапов.

Саптық жиын соңында басшылық тарапынан облыс тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызмет барысында жоғары қырағылық танытып, заңдылықты қатаң сақтай отырып, өз міндеттерін адал атқару жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1255346?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді