«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Жаңасемей ауданының Талица және Каштак ауылдарында антенна-діңгекті құрылыстар орнату жұмыстары басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✅ Талица ауылында биіктігі 25 метр болатын антенна-діңгекті құрылыс салынуда. Қазіргі таңда нысанда 6 жұмысшы еңбек етіп, қазаншұңқыр қазу және арматура орнату жұмыстары жүргізілуде.

✅ Каштак ауылында құрылысқа қажетті материалдар жеткізіліп, қазаншұңқыр қазу жұмыстары басталды.

Аталған жобалардың жүзеге асуы шалғай елді мекендерді сапалы байланыс және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге, цифрлық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1255347?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді