
Таза әрі көрікті ауыл – оның тұрғындарының мәдениеті мен туған жерге деген жанашырлығының айқын көрінісі. Осы мақсатта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шалқар ауданының Қаратоғай ауылында бірлескен профилактикалық рейд ұйымдастырылды.
Іс-шараға ауыл әкімі, учаскелік полиция инспекторы және Қаратоғай өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері қатысып, ауыл көшелерінің санитарлық жағдайын бақылап шықты. Рейд барысында қоқыс қалдықтарын уақытылы шығару, аумақтардың тазалығын сақтау мәселелеріне назар аударылып, қараусыз қалған және апаттық жағдайда тұрған тұрғын үйлердің иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында тұрғындарға тазалық талаптарын сақтау, өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау және адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін нысандарды ретке келтіру қажеттігі айтылды. Мамандар анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар беріп, заң талаптарын тағы бір мәрте түсіндірді.
Тазалық– бір күндік науқан емес, күнделікті қалыптасатын мәдениет. Ауылдың ажары да, қауіпсіздігі де әр тұрғынның жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу – баршаға ортақ міндет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1255585?lang=ru

Жауап қалдыру