
Жүктілік, үш жасқа дейінгі балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын шектемейді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Сеитова 08.07.2026 жылы Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының “А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, еңбек жанжалдарын болдырмау және еңбек заңнамасын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру барысында ҚР Еңбек Кодексінің 31-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, еңбек шарты оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен еңбек шарты жасалуы мүмкіндігі. Кодекстің 69-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, он сегіз жасқа толмаған он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленетіндігі айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1255586?lang=ru

Жауап қалдыру