BaiQymyz-2026: фестивальге келушілер арасында «Үздік ұлттық киім» байқауы өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада 11-12 шілде күндері өтетін BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалі аясында ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеуге бағытталған «Дәстүр сәні: BaiQymyz-2026» байқауы ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқауға фестиваль қонақтары ұлттық нақыштағы ерекше киім үлгілерімен қатыса алады.

Жеңімпазды анықтау барысында киімнің ерекшелігі және ұлттық элементтердің үйлесімі бағаланады. Үздік ұлттық образ иесіне Жылқы сыйға тартылады.

Айта кетсек, фестивальге қатысу үшін билет алу қажет. Келушілерге бір күнге немесе фестивальдің екі күніне бірден жарамды билеттер ұсынылады. Зейнеткерлер мен 16 жасқа дейінгі балалар іс-шараға тегін қатыса алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1255401?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді