
2026 жылғы 03 шілдеде Қарағанды бөлімшелік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Вагон-сервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалы Қарағанды телімінің перронды сумен жабдықтау қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – көлік жұмыскерлерінің жіті ішек инфекцияларының алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру. Кездесу барысында қатысушыларға сальмонеллез, дизентерия және ластанған тағам мен су арқылы таралатын өзге де ішек инфекцияларының белгілері, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары туралы жадынамалар мен ақпараттық буклеттер таратылды. Мамандар жеке бас гигиенасын сақтау, азық-түлікті дұрыс сақтау және әзірлеу, сондай-ақ уақтылы медициналық көмекке жүгіну жіті ішек инфекцияларының алдын алудың негізгі шаралары екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1255400?lang=ru

Жауап қалдыру