Халықпен ашық диалог: Жамбыл облысында «Өз құқығыңды біл» акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, өңірдегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында «Өз құқығыңды біл» акциясын өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты – халыққа құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту.

Іс-шара барысында облыс тұрғындары мемлекеттік органдардың өкілдеріне тікелей жүгініп, заңнаманы қолдану мәселелері бойынша білікті құқықтық кеңестер мен түсіндірмелер алу мүмкіндігіне ие болды. Акцияға жалпы саны 2 000 жуық азамат қатысты.

Акция халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық өзара іс-қимылдың тиімді алаңына айналды. Азаматтарды қабылдау барысында әлеуметтік қолдау көрсету, жер учаскелерін беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ облыс тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты өзге де мәселелер бойынша өтініштер қаралды.

Атап айтқанда, Тараз қаласының тұрғыны алимент өндіру туралы сот актісін орындау мәселесі бойынша жеке сот орындаушысына жүгінді. Уәкілетті мемлекеттік органдардың жедел өзара іс-қимылының нәтижесінде көтерілген мәселе азаматты қабылдау барысында оң шешімін тапты.

Осындай іс-шараларды өткізу әлеуметтік маңызы бар мәселелерді уақтылы анықтап, шешуге, азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен халық арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге ықпал етеді.

 

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1257677?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді