Ұшақ бортында полицейді балағаттаған әйел сотталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана тұрғыны әуе кемесінің бортында полиция қызметкерін тілдегені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында мас күйде болған жолаушы әйел полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қызметтік міндеттерін атқарып жүрген билік өкілін көпшілік алдында қорлаған.

Көлік прокуратурасы мемлекеттік айыптауды қолдаған іс бойынша сот әйелді кінәлі деп танып, оған айыппұл салды.

Прокуратура ескертеді: билік өкілін қорлағаны және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жауаптылық көзделгенін ескертеді.

Үкім заңды күшіне енді.

Бас көлік прокуратурасы

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1257678?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді