КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов өңірдегі шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Fari Cakes» кондитерлік өнімдер дайындайтын кәсіпорынның жұмысымен танысты.
 
✅ Кәсіпорын басшысы Құлманова Фариза Сайлаубайқызы аудан әкіміне өндіріс барысын таныстырып, цехтың жұмысы, өнім түрлері және алдағы жоспарлары жөнінде ақпарат берді. Бүгінде цехта 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
 
✅ «Fari Cakes» кәсіпорнында кондитерлік өнімдердің сан алуан түрі дайындалады. Барлық өнімдер табиғи әрі сапалы шикізаттан әзірленіп, тұтынушыларға ұсынылады.
 
✅ Сонымен қатар, кәсіпорын басшысы Фариза Сайлаубайқызы әлеуметтік жауапкершілікті назардан тыс қалдырмай, мұқтаж отбасыларына тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді.
 
✅ Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы кәсіпкерлікті қолдау – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өтіп, кәсіпорын ұжымына алдағы жұмыстарына табыс тілеп, мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1256228?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді