
Қызылорда станциясындағы КПб басшылығының бастамасымен Қазақстан Республикасы темір жолында мүліктің сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыруға бағытталған 2025–2027 жылдарға арналған Жол картасы іс-шараларының орындалуын талқылау мақсатында жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге Қызылорда локомотив пайдалану депосының басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысы қарастырылып, теміржол мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігіне назар аударылды.
Сонымен қатар локомотив бригадаларының шұғыл тежеу деректерін пайдалану арқылы құқықбұзушыларды анықтау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды. Қатысушылар ақпарат алмасу тетіктерін жетілдіру, өзара іс-қимылды күшейту және құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Жұмыс кездесуі қорытындысы бойынша жауапты құрылымдардың өзара үйлесімді іс-қимылын күшейту және Жол картасы аясындағы іс-шараларды сапалы іске асыру жөнінде нақты міндеттер айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1257672?lang=ru

Жауап қалдыру