
✔️ 20–30 маусым күндері Астана қаласында тоғызқұмалақтан балалар мен кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының XXV жекелей чемпионаты өтті. Еліміздің барлық өңірлерінен келген жас спортшылар классика, рапид және блиц түрлері бойынша бақ сынасып, өзара мықтыны анықтады.
✔️ Аталған республикалық додада Ордабасы ауданының жас спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
✔️ 9 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид түрінен Жәнібек Зере тартысты ойын өрнегін көрсетіп, барлық кезеңдерден сәтті өтіп, күміс жүлдеге ие болып, ІІ орынды жеңіп алды.
✔️ Ал осы жас санатындағы қыздар арасында блиц түрінен Болысова Медина қарсыластарынан басым түсіп, қола жүлдені иеленіп, ІІІ орынға тұрақтады.
✔️ Айта кетейік, жас спортшылар – «Темірлан» жалпы білім беретін мектебінің оқушылары. Олар республикалық чемпионатта жоғары дайындықтары мен жеңіске деген жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жетістіктер – шәкірттерін жүйелі түрде дайындап келе жатқан білікті жаттықтырушы Болысов Мақсаттың қажырлы еңбегінің жемісі.
✔️ Республикалық чемпионаттағы жүлделі орындар жас спортшыларымыздың алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруға толық әлеуеті бар екенін көрсетті.
Жеңімпаздарымызды және олардың жаттықтырушысын шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жеңістер мен биік жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1256748?lang=ru

Жауап қалдыру