Абай облысының жол инфрақұрылымы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерінің (бұдан әрі – көше-жол желісі) жалпы ұзындығы 7 862 км құрайды. Оның ішінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 1 588 км, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары – 2 878 км, елді мекендердің көшелері – 3 396 км.

         Ағымдағы жылы жол жөндеу жұмыстары жоспары аясында жалпы ұзындығы 226 км болатын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен көше-жол желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген, оның ішінде:

         облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 3 учаскесінде жалпы ұзындығы 38 км;

         аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 10 учаскесінде жалпы ұзындығы 108 км;

         елді мекендердің көше-жол желісінің 80 км учаскесінде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-transport/press/news/details/1259090?lang=ru