Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 шілдеде Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында адвокаттық және нотариаттық қызмет мәселелері, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту, сондай-ақ әділет органдарының құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша бес азаматтың өтініші қаралды.
Әрбір өтініш бойынша азаматтарға қажетті түсіндірмелер берілді. Қабылдау қорытындысы бойынша Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың тапсырмасымен жауапты құрылымдық бөлімшелер мен аумақтық әділет органдарына келіп түскен өтініштерді жан-жақты әрі объективті қарау, өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдау және өтініш иелеріне қарау нәтижелері туралы кері байланыс беру тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі азаматтармен ашық диалогты қамтамасыз ету және олардың өтініштерін жедел қарау бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1259032?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді