
2026 жылғы 17 шілде Көкшетау қаласында Ақмола облыстық терроризмге қарсы жедел штабы «Жаз-Антитеррор-2026» антитеррорлық оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, сондай-ақ терроризм сипатындағы қауіптерге жедел әрекет ету үшін күштер мен құралдардың дайындығын арттыру. Іс-шара барысында нақты жағдайларға барынша жақындатылған түрлі сценарийлер пысықталады.
Оқу-жаттығу өткізу кезеңінде уақытша шектеулер енгізіледі, оның ішінде жекелеген учаскелерде автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды, өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды, жалған ақпарат таратпауын және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Ақмола облыстық терроризмге қарсы
күрес жөніндегі жедел штабы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1259035?lang=ru

Жауап қалдыру