Балқаш пен Теміртауда Металлург күні кең көлемде аталып өтеді: жұлдыздардың концерті, фестивальдер мен мерекелік отшашу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысында Металлург күніне орай ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Балқаш пен Теміртау қалаларының тұрғындары мен қонақтарын танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттер, отбасылық демалысқа арналған ойын-сауық бағдарламалары, спорт фестивалі және әсерлі мерекелік отшашу күтеді.

17 шілдеде Балқаштағы басты мерекелік оқиға Metalurg Fest фестивалі болмақ. Іс-шара бұған дейін Balkhash Tour Fest өткен Ақшағыл жағажай аймағында (Рембаза) ұйымдастырылады. Қонақтар үшін балаларға арналған ойын және анимациялық алаңдар, бүкіл отбасыға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламалары әзірленген. Ал кешкі уақытта Қазақстан мен шетелдің танымал өнерпаздары қатысатын үлкен концерт өтеді.

Фестиваль сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанар Дұғалова, «Ирина Кайратовна» тобы, IL’HAN, Болат Құсайынов және Өзбекстанның аты аңызға айналған «Ялла» вокалды-аспаптық ансамблі өнер көрсетеді. Мерекелік кештің жүргізушілері – көпшілікке танымал әзілкештер әрі тележүргізушілер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек.

Концерт сағат 20:00-де басталады.

Көрермендерге ыңғайлылы болуы үшін фестиваль өтетін күні арнайы тегін автобус бағыттары ұйымдастырылады. Алғашқы автобус 16:30-да жолға шығады, кейін қоғамдық көлік 10–15 минут сайын қатынайды. Автобустар «Жастар» сквері (М. Хамзин атындағы Мәдениет сарайының артында), 17-ықшамаудандағы «Шекер» аялдамасы және Балқаш жоғары медициналық колледжі маңындағы аялдама арқылы жүреді.

Фестивальге кіру тегін.

Металлург күніне арналған мерекелік бағдарламалар Теміртауда да жалғасады. 18 шілдеде сағат 18:00-де «Астана» алаңында үлкен мерекелік концерт өтеді. Көрермендер алдында M’Dee, Айқын, Jazzdauren, Мирас Жүгінусов, Yenlik, «Ирина Кайратовна» және «Винтаж» топтары өнер көрсетеді. 

Мерекелік кештің шарықтау шегі әсем отшашу болмақ.

19 шілдеде Теміртаудағы Qarmet Park (Еңбек даңқы саябағы) аумағында қаланың ең ірі 3×3 баскетбол фестивалі – Kia Basketball Fest өтеді.

Фестиваль аясында спорттық жарыстар, музыкалық бағдарлама және отбасылық демалысқа арналған түрлі белсенділіктер ұйымдастырылады. Қонақтарды күні бойы қызықты ойындар, ойын-сауық пен мерекелік атмосфера күтеді.

Фестиваль сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жалғасады. Кіру – барлық келушілер үшін тегін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1258040?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді