
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес азаматтарға тегін заңгерлік консультация беру акцияларын ұйымдастыру көзделген. Осыған орай, Шымкент қаласының Әділет департаменті «Белсенді ұзақ өмір орталығының» қызмет алушылары үшін «Әділет кеңес береді» тақырыбында ашық есік күнін ұйымдастырды.
Іс-шараға адвокат, нотариус, жеке сот орындаушы, заң консультанттары, сондай-ақ Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының маманы қатысты.
Кездесу барысында орталықтың қызмет алушылары өздерін толғандырған құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша мамандардан жан-жақты кеңес алды. Департамент көрсететін мемлекеттік қызметтер мен электрондық сервистерді пайдалану тәртібі түсіндіріліп, ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, бір палаталы Парламент моделіне көшу аясында Құрылтайдың құрылуы туралы ақпарат берілді. Азаматтарға QR-кодты сканерлеу арқылы Қазақстан Республикасы Конституциясының цифрлық мәтінімен танысу мүмкіндігі түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1259261?lang=ru

Жауап қалдыру