
Мектеп оқушылары және студенттердің жазғы демалыс уақытында еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету бағытында кезекті профилактикалық (рейд) шарасы өткізілді. Аталған профилактикалық шараға Департаменттің еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы М.Сүйеубаев және Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы қатысып, Қызылорда қаласындағы қоғамдық тамақтану, көлік жуу орындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1258112?lang=ru

Жауап қалдыру