Өрт қауіпсіздігі – орман және дала алқаптарында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өрт қауіпсіздігіорман және дала алқаптарында

Өрт қауіпсіздігі – әр азаматтың міндеті

Жаз мезгілінде ауа райының ыстық әрі құрғақ болуы орман және дала өрттерінің шығу қаупін арттырады. Өрттің басым бөлігі адамның абайсыздығынан туындайды. Сөндірілмеген темекі тұқылы, қараусыз қалдырылған от, құрғақ шөпті өртеу немесе қоқыс жағу табиғатқа орны толмас зиян келтіреді.

Орман мен дала өрттері ағаштар мен өсімдіктерді жойып қана қоймай, жануарлардың тіршілік ортасына қауіп төндіреді, ауа сапасын нашарлатады және елді мекендерге қауіп төндіруі мүмкін.

Өрттің алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

 

  • орман мен далада рұқсат етілмеген жерлерде от жақпау;
  • темекі тұқылы мен сіріңкені толық сөндірмей тастамау;
  • құрғақ шөп пен қоқысты өртемеу;
  • шыны бөтелкелер мен олардың сынықтарын табиғатта қалдырмау;
  • демалыстан кейін оттың толық сөнгеніне көз жеткізу.

 

Өртті байқасаңыз, уақыт жоғалтпай 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау арқылы өз өміріңізді, жақындарыңызды және қоршаған ортаны сақтайсыз.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/1258111?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді