Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің 2026 жылдың алғашқы алты айындағы жұмысы қорытындыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Аширбеков Серік Сағынбекұлының қатысуымен Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің 2026 жылдың алғашқы алты айындағы жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша кеңес өтті.

Жиын барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды ашу көрсеткіштері және профилактикалық бағыттағы атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

Кеңес барысында бөлім қызметінің негізгі бағыттарына баға беріліп, анықталған кемшіліктер бойынша жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктелді.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалып, құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бойынша жұмыстарды күшейту міндеті қойылды.

МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1258638?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді