Пробация қызметінде профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің облыс аумағындағы пробация қызметі бөлімдерінде есепте тұрған тұлғалармен пробация инспекторлары профилактикалық кабинеттерде тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Аталған кездесулердің негізгі мақсаты – пробация есебіндегі тұлғалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қайта қылмыс жасау тәуекелін төмендету, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын қатаң ұстану мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Пробация қызметкерлері профилактикалық сипаттағы сұхбаттар барысында есепте тұрған тұлғаларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, сот жүктеген міндеттер мен пробациялық бақылау талаптарын сақтау қажеттігін егжей-тегжейлі жеткізеді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама талаптары, құқықтық жауапкершілік және қоғамға бейімделу тетіктері бойынша құқықтық кеңестер беріледі.

Аталған бағыттағы іс-шаралар учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп ұйымдастырылып келеді.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырып, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған кешенді шараларды күшейтуді көздейді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1258637?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді