
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістерге байланысты «Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары округ аумағында орналасқан бюджеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздерді пайдалану талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында мекемелердің жауапты тұлғаларына қолданыстағы заңнама талаптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұранын пайдалану тәртібі түсіндірілді.
Жүргізілген жұмыстардың мақсаты – мемлекеттік рәміздерді қолдану кезінде белгіленген нормалардың сақталуын қамтамасыз ету, жауапкершілікті арттыру және оларға деген құрметті қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1259073?lang=ru

Жауап қалдыру