Мұнайлы ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұнайлы ауданы Полиция бөлімі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Полиция қызметкерлері аудан аумағында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырып, тұрғындармен, көлік жүргізушілерімен және түрлі мекеме ұжымдарымен түсіндіру жұмыстарын өткізуде. Іс-шаралар барысында заң талаптарын сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін түсіндіріп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кеңестер берді.

Мұндай профилактикалық жұмыстар аудан аумағында тұрақты түрде жалғасып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мұнайлы ауданы Полиция бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1257965?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді