«Қауіпсіз жол»: Маңғыстауда жол қозғалысы қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы аумағында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күшейтілді.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылауды арттырып, автокөлік жүргізушілері арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ақтау қаласы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, жолдағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, көлік жүргізушілерінің жауапкершілігін арттыру және жол-көлік оқиғаларын болдырмау бағытында бірқатар шаралар қабылдауда.

Сонымен қатар, жүргізушілердің көлік құралын басқаруға қажетті құжаттарының болуы, жол қозғалысы талаптарын сақтауы және қауіпсіздік ережелерін орындауы тексерілуде.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, өз қауіпсіздігі мен өзге азаматтардың өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1257966?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді