
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері бөлім ғимаратының сыртқы аумағын тазалап, айналаны ретке келтіріп, абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысты.
Тазалық шарасына қатысқан инспекторлар қоршаған ортаға жанашырлық танытып, қоғамдық орындардың тазалығын сақтаудың маңыздылығын көрсетті. Полиция қызметкерлерінің бұл бастамасы жастарға және тұрғындарға үлгі болып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай жұмыстар қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін арттыруға ықпал етеді.
Мұнайлы ауданы Полиция бөлімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1257967?lang=ru

Жауап қалдыру