
Ордабасы ауданында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз гранттың І легі бойынша комиссия отырысы өтті. Мемлекеттік қолдау шарасы аясында ұсынылған бизнес-жобалар қаралып, олардың өміршеңдігі мен тиімділігі жан-жақты бағаланды.
Комиссия қарауына аудан бойынша әлеуметтік осал санатқа жататын 82 азаматтың өтінімі қабылданып, оның ішінде 68 үміткер бизнес-жобаларын комиссия алдында қорғады. Нәтижесінде 44 азаматтың бизнес-жоспары мақұлданып, мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ие болды. Ал 14 үміткер комиссия отырысына қатыспаған.
Комиссия отырысында ұсынылған бизнес-жобалар жан-жақты сараланып, өндіріс саласына бағытталған бастамаларға басымдық берілді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1258657?lang=ru

Жауап қалдыру