Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 14 шілде күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Үйлестіру кеңесінің мүшелерімен жұмыс кездесуін өткізді.

🔷Кездесу барысында Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қызметін одан әрі жетілдіру және алдағы жұмыс кезеңін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Сонымен қатар Үйлестіру кеңесінің жаңадан сайланған мүшелеріне «ҰАТ» ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беру және олардың жүйемен тиімді жұмыс істеуіне қажетті ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсету мәселелері пысықталды.

🔷Кездесу қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер бойынша ортақ шешімдер қабылданып, адам құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыру жөнінде келісімге келінді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1258815?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді