
2026 жылғы 14 шілдеде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі Тарасенко И.В. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің № 46 мекемесіне жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында сотталғандардың құқықтарының сақталуына, оларды ұстау жағдайларына мониторинг жүргізіліп, сондай-ақ материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету, тамақтандыруды ұйымдастыру, медициналық көмек көрсету, еңбекпен қамту, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы және жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге әсер ететін өзге де мәселелер зерделенді.
Сапар аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі сотталғандарды жеке қабылдап, олардың адам құқықтарын қорғау және сот актілерімен келіспеу мәселелері бойынша қажетті түсіндірмелер берді.
Мониторингтік сапар қорытындысы бойынша сотталғандарды ұстау жағдайларын одан әрі жетілдіруге, олардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге және жазаларды орындау практикасын адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған ұсынымдар жолданатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1258486?lang=ru

Жауап қалдыру