
15 шілде күні Баянауыл ауданындағы Сабындыкөл көлінде желдің күшеюіне байланысты катамаранмен демалып жүрген азаматтар жағалаудан алысқа кетіп, өз күштерімен қайта орала алмады. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Құтқарушылар жағаға 7 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Катамарандарды жалға беру қызметін жүзеге асыратын кәсіпкер қолайсыз ауа райы жағдайында демалушыларға суға шығуға катамаран беріп, Қазақстан Республикасының су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзған. Сонымен қатар, жалға беру орнында кезекші құтқару жүзу құралы болмаған.
Жіберілген заң бұзушылықтар үшін кәсіпкер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті жалға беру пункттерінің иелерін қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және ауа райы қолайсыз болған жағдайда жүзу құралдарының суға шығуына жол бермеуге шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1260007?lang=ru

Жауап қалдыру