Қала оқушыларының жазғы демалысы мен сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру барысына бақылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәслихат төрағасы Қ. Балмағамбетов, мәслихат депутаттары Г. Жаппасова, Ш. Жангаскинова және қоғамдық кеңестің мүшесі А. Жүгінісов қала оқушыларының жазғы демалысы мен сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру барысымен танысу мақсатында №4 Абай атындағы мектеп-лицейінде және Ә. Марғұлан атындағы мектепте болып, олардағы жазғы сауықтыру лагерлерінің жұмысы, балалардың демалысын ұйымдастыру сапасы және қауіпсіздік талаптарының сақталуын зерделеді. Жалпы, жазғы лагерь жұмысы екі маусым бойынша ұйымдастырылған, әр маусымның ұзақтығы – 21 күн. Лагерь қызметі балалардың денсаулығын нығайтуға, сауықтыру жұмыстарын жүргізуге, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Қала бойынша жазғы лагерьмен №4 Абай атындағы мектеп-лицейінде, Әлкей Марғұлан атындағы ЖББМ-інде, Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде және №25 ЖББМ-інде 660 бала қамтылды. Балаларды қамту барысында әлеуметтік осал санаттағы балаларға басымдық берілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev/press/news/details/1259599?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді