Сандықтау ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сандықтау ауданының Байдалы ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жалғасуда. Денсаулық сақтау нысаны ауылдық жерлердегі медициналық инфрақұрылымды дамыту және аудан тұрғындарына сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында салынып жатыр.

Жобаға сәйкес санитарлық, құрылыс және өрт қауіпсіздігі талаптарына толық сай келетін, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді заманауи бір қабатты ғимарат бой көтереді. Бұдан бөлек, фельдшерлік-акушерлік пункттің жанынан қызметтік автокөлікке арналған гараж салынады.

Нысан пайдалануға берілгеннен кейін Байдалы, Барақпай, Хлебное, Чашке, Жыланды және Новоселовка ауылдарының тұрғындары сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмек алу мүмкіндігіне ие болады. Тіркелген халық саны 780 адамнан асады.

«Бұл – біз үшін көптен күткен қуанышты жаңалық. Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт медициналық көмекті жайлы жағдайда алуға мүмкіндік береді. Әсіресе, бұл егде жастағы адамдар мен балалы отбасылар үшін өте маңызды. Мемлекет ауылдық денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанына қуаныштымыз», – деді Байдалы ауылының тұрғыны, зейнеткер Балқадиша Қасымова.

Айта кетейік, Сандықтау ауданында бұдан бөлек тағы екі дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Жаңа медициналық нысандар Лесное және Каменка ауылдарында ашылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1260060?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді