
17–23 шілде аралығында Таиландта жас ерекшеліктері бойынша жүзуден XII Азия чемпионаты өтіп жатыр. Беделді халықаралық жарысқа 33 елден 627 спортшы қатысуда.
Жарыстың алғашқы күндерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары, олардың қатарындағы шығысқазақстандықтар да, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Ұлттық құрама сапындағы Мансұр Айтқалиев 4×100 метрлік эстафетада қола медаль жеңіп алды. Ал Анатолий Руденко команда құрамында 4×100 метрлік аралас эстафетада күміс жүлдені иеленді.
Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1260140?lang=ru

Жауап қалдыру