
Зеренді ауданы Ортақ ауылдық округі және Айдабол ауылында сайлаушылардың 60 пайыздан астамы дауыс берді
Зеренді ауданының Ортақ ауылдық округі және Айдабол ауылында өткен әкім сайлауында сайлаушылардың 60 пайыздан астамы дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасады.
– Бүгін біз үшін ерекше күн. Өңір тұрғындары ретінде округ әкімі лауазымына ұсынылған үміткерлердің ішінен саналы түрде таңдау жасадық. Бұл өте маңызды, өйткені алдағы уақытта округімізді бірге дамытып, қордаланған мәселелерді шешіп, болашағымызды бірге қалыптастыратын азаматты таңдадық,-дейді тұрғындар.
Аталған елді мекендерде сайлау науқаны жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, тұрғындардың белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі айқын көрінді.
Кешкі сағат 20:00-де үш сайлау учаскесінің барлығы жабылып, учаскелік сайлау комиссиялары кандидаттар үшін берілген дауыстарды санау жұмысына кірісті.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Алмат Балтағариннің айтуынша, учаскелік сайлау комиссиялары дауыс беру күнін өткізу жөніндегі бекітілген алгоритмге сәйкес нақты әрі ұйымдасқан түрде жұмыс атқарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1260139?lang=ru

Жауап қалдыру