АҚЫЛ-ОЙ СПОРТЫНЫҢ МЕРЕКЕСІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ КҮНІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 20 шілде – Халықаралық шахмат күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 
✅ Шахмат – ақыл-ой спорттарының төресі, парасат пен пайымның, сабыр мен стратегиялық ойлаудың мектебі. Сан ғасырлық тарихы бар бұл зияткерлік ойын адамның логикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, төзімділікке, жауапкершілікке және алға ұмтылуға тәрбиелейді. Сондықтан да Халықаралық шахмат күні – ақыл-ой спортының мерекесі ретінде әлемнің көптеген елдерінде кеңінен аталып өтеді.
 
🇰🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамыту мен жастардың зияткерлік әлеуетін арттыруға ерекше мән беріп келеді. Осы бағытта елімізде шахмат спорты кеңінен қанат жайып, түрлі деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылып, дарынды жас шахматшылардың жаңа буыны қалыптасуда.
 
⚜️ Осынау мерейлі күні шахматтың дамуына үлес қосып жүрген жаттықтырушыларға, спортшыларға, ардагерлерге және барша шахматсүйер қауымға шынайы алғысымды білдіремін.
 
✅ Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, ал шахмат тақтасында әрдайым сәтті жүрістер мен жарқын жеңістер тілеймін!
 
Халықаралық шахмат күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1260852?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді