
Азия даму банкі (АДБ) мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) сарапшыларының Қазақстанның Product Market Regulation (PMR) әдіснамасы бойынша реттеушілік ортасын зерттеудің алдын ала нәтижелерін талқылау және верификациялауға арналған миссиясы аяқталды.
PMR әдіснамасы тауар нарықтарына кірудегі реттеушілік кедергілердің деңгейін және мемлекеттің бәсекелестікті дамытуға ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде мойындалған талдау құралы.
Аталған зерттеу 2018 жылдан бері алғаш рет жүргізіліп отырған Қазақстанның реттеушілік ортасына кешенді шолу болып саналады және осы кезеңде жүзеге асырылған институционалдық реформаларды қамтиды.
Миссия аясында сарапшылар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. Кездесулер барысында диагностикалық есептің алдын ала қорытындылары мен PMR әдіснамасы бойынша бағалау жүргізу тәсілдері таныстырылды.
Ерекше назар мемлекеттік меншік, корпоративтік басқару, мемлекеттік сатып алу, лицензиялау және бизнеске түсетін әкімшілік жүктеме салаларындағы құқық қолдану тәжірибесіне аударылды. Сонымен қатар сарапшылар электр энергетикасы, газ саласы, телекоммуникациялар, теміржол, автомобиль және әуе көлігі, сондай-ақ цифрлық нарықтар сияқты экономиканың негізгі секторларындағы реттеушілік кедергілерді жан-жақты қарастырды.
«PMR зерттеуі – жай ғана статистика емес, бұл – алдағы реформалардың негізі. Біздің мақсатымыз – жасырын кедергілерді жою, реттеудің ашықтығын арттыру және нарықтың барлық қатысушылары үшін шынайы тең жағдай қалыптастыру», – деді БҚДА Төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов.
Қазақстан бойынша алдын ала индикаторлар қалыптастырылды. Миссия барысында сарапшылар жиналған деректерді верификациялап, салалық мемлекеттік органдар мен ұйымдармен бірлесіп нормативтік құқықтық реттеудің жекелеген ережелерін нақтылады. Алынған нәтижелер бәсекелестікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдірудің талдамалық негізіне айналып, халықаралық сарапшылардың ұсынымдарын кейінгі реформаларды әзірлеу барысында ескеруге мүмкіндік береді.
Келесі кезеңде зерттеуді түпкілікті пысықтау жұмыстары жүргізіледі. Сарапшылар жұмыс кездесулері барысында алынған ақпаратты ескере отырып, сауалнамаларды қайта қарайды. Бұл Қазақстанның реттеушілік ортасын ЭЫДҰ елдерімен және басқа да дамушы экономикалармен салыстыру кезінде барынша объективті бағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жоба ведомствоаралық сипатқа ие және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының үйлестіруімен жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1260715?lang=ru

Жауап қалдыру