
Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мұнай өнімдерін жеткізушілерге және өзге де қаржылық тұрақты ұйымдарға 2026 жылғы күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне өткізу мақсатында Атырау мұнай өңдеу зауытынан 11,2 мың тонна (шілде – 1,6 мың тонна, тамыз – 3,9 мың тонна, қыркүйек – 3,8 мың тонна, қазан – 1,9 мың тонна) дизель отынын жеткізу жұмыстарын орындауды ұсынады. Дизель отынының зауыттан босату бағасы ҚҚС-пен қоса, FCA (жөнелту станциясы) шарттарымен бір тоннасына 300 285 теңгені немесе литріне 250–252 теңгені құрайды.
Дизель отынын жеткізуге қатысуға ниет білдірушілер қатысатынын жазбаша растауды және құжаттарды Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының кеңсесіне 2026 жылғы 21 шілде, сағат 09:00-ден бастап, 2026 жылғы 24 шілде, сағат 12:00-ге дейін, Орал қаласы, Қ. Аманжолов көшесі, 75 үй, 208 кабинет, e-mail: tehnika-zko2@mail.ru, тел.: 51-18-20 мекен-жайы бойынша тапсыруы тиіс.
Қабылданған өтінімдер негізінде Атырау мұнай өңдеу зауытынан дизель отынын облысқа жеткізуші операторды анықтау бойынша комиссия отырысы, ағымдағы жылдың 29 шілде күні сағат 16:00-де облыс әкімдігінде өткізіледі (комиссия отырысы өткізілетін күні, уақыты және орны өзгерген жағдайда әлеуетті операторларға және комиссия мүшелеріне қосымша хабарланатын болады).
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қағиданың (бұдан әрі – Қағида) 17 тармағына сәйкес, арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге қатысуға әлеуетті операторлардан талап етілетін құжаттардың тізбесі:
– Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім;
– ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы, жабық конвертте;
– кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
– дизель отынының күзгі-далалық жұмыстарға бөлінген көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;
– әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
– өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;
– мұнай өнімдері немесе резервуар базасына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері немесе резервуар базасын жалдау шартының көшірмесі;
– мұнай өнімдерінің немесе резервуардың базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):
1) мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:
мұнай өнімдері немесе резервуар базасының техникалық паспорттың көшірмесі;
цистернасы немесе автоматты құю жүйесі бар автомашина (бензин тасушы) үшін
таразының болуы;
2) «Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін бақылау есептеу аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;
– күзгі далалық жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;
– меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасығыштың) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
– мұнай базаларының орналасу схемасы;
– тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулін қолдану туралы растау.
Бұл ретте оператор ағымдағы жылдың 30 шілдесінен бастап бөлінген көлем толық өткізілгенге дейін, оның ішінде ауыл шаруашылығы жұмыстарының басқа түрлерін жүргізу үшін қайта бөлінген көлемді, егер Комиссия хаттамасында өзгеше көзделмесе, белгіленген бағаны өзгертпей (бұдан әрі – өткізу кезеңі), мұнай өңдеу зауытынан көзделген көлемнің жөнелтілу мерзімдеріне қарамастан өткізуді жүзеге асырады. Өткізу кезеңінде облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жеңілдетілген дизель отынының ақысын төлеп, оны таңдап алу мүмкіндігіне ие болады.
Сонымен қатар, Қағиданың 25 «ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу» тармағына сәйкес, дизель отынының өткізілмеген көлемі болған кезде оператор ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге (ЖАО-мен келісу бойынша) осы көлемдердің ауыл шаруашылығы жұмыстарының келесі түрлері бойынша өткізілуін қамтамасыз етеді:
1) егін жинау жұмыстары;
2) жемшөп дайындау;
3) дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіру;
4) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарының қосымша түрлерін (сүдігер
жерлерді жырту, егістерді өсімдіктерді қорғау құралдарымен өңдеу, күздік дақылдарды себу, қар ұстау) жүргізу.
Ескерту: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің хаттамасына сәйкес дизель отынының бағасы және (немесе) оны жеткізу шарттары өзгерген жағдайда, жеңілдетілген дизель отынын өткізу бағасы жеңілдетілген дизель отынын жеткізу жөніндегі операторды айқындау жөніндегі комиссияның шешімімен қайта қаралады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-auyl/press/news/details/1260859?lang=ru

Жауап қалдыру