
Құрметті Ақжал кентінің тұрғындары мен қонақтары!
Кент аумағында қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында Ақжал кенті әкімдігінің қызметкері мен учаскелік полиция инспекторы бірлесіп түнгі рейд шараларын өткізді.
Рейд барысында кент тұрғындарына, әсіресе ата-аналар мен жасөспірімдерге келесі маңызды талаптар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатаң ескертулер берілді:
Түнгі уақыттағы шектеу: Заң бойынша 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта (сағат 23:00-ден кейін, ал ойын-сауық орындарында 22:00-ден кейін) заңды өкілдерінсіз (ата-анасынсыз) көшеде және қоғамдық орындарда жүруіне тыйым салынады.
Тыныштық сақтау: Түнгі уақытта (жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейін, демалыс күндері 23:00-ден 10:00-ге дейін) тұрғындардың мазасын алып, тыныштықты бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Мотоцикл және мопед тізгіндеушілердің назарына: Кент ішінде тиісті жүргізуші куәлігінсіз (правасыз) мотоцикл, скутер немесе мопед айдауға, жол жүру ережелерін бұзып, тұрғындардың мазасын алуға мүлдем жол берілмейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1260805?lang=kk

Жауап қалдыру