
2026 жылғы 16 шілдеде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 маусымдағы №487 қаулысын түсіндіруге арналған жиналыс өткізілді.
Іс-шараға Департаменттің басқарма, бөлім, сондай-ақ қала және аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері мен өрт сөндіру бөлімдерінің басшылары қатысты.
Жиналыс барысында Департаменттің Заң бөлімінің бас маманы Карлыгаш Мухамеджановна Алмасова аталған қаулының негізгі талаптары мен жаңашылдықтарына тоқталып, тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларының қолданылу тәртібін түсіндірді.
Сонымен қатар, қызметкерлердің тұрғын үй төлемдерін алу, тұрғын үйді жалдау, сатып алу және есепке алу мәселелері бойынша құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпарат берілді. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.
Маңғыстау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1260503?lang=ru

Жауап қалдыру